jasqazaq.kz

Қыз ұрлап 500 мың доллар талап етті

16 қараша 2018, 23:17

Алматыда кәсіпкердің кәмелет жасына толмаған қызын ұрлап кетіп, арам пиғылдылар бизнесменнен жарты миллион доллар талап еткен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев айтып берді.

Сәдубаевтың айтуынша, қызды 14 қараша күні ұрлаған. Оны Алматыдағы шағын аудандардың біріндегі өз үйінің алдынан алып кеткен.

Күдіктілер электр есеңгіреткіштің көмегімен жүргізушіні жансыздандырып, оны байлап тастаған. Осыдан кейін қызды белгісіз бағытта алып кетеді.

Кешірек жәбірленушінің ата-анасына ақша беруді талап етіп хат жолдаған. Бұзақылар жасөспірімнің өмірі үшін 500 мың доллар сұраған.

Қыздың жақындары бірден полицияға шағымданды. Тәртіп сақшылары күдіктілерді бір тәулік ішінде анықтап, олар тұтқындап, жеткіншекті ата-анасына қайтарады.

Қазір жасөспірім қыздың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Тергеушілер тергеу амалдарын жүргізіп, күдіктілердің әрбірі қылмыс кезінде қандай рөлді атқарғанын анықтап жатыр.

Nut.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді