jasqazaq.kz

Қыз танымайтын жігітке күйеуге шығудан бас тартамын деп таяқ жеді

16 қазан 2018, 11:31


Ташкенттік адам құқығын қорғаушы Елена Урлаеваға медбике Камола Абдуллаева шағым айтып барған.

ktk.kz жазғандай, қызды 11 қазанда №2 аурухана маңында бір топ адам сабап соққыға жыққан. AsiaTerra сайтының мәліметі бойынша, медбикені анасы Карима Курбанова, сонымен бірге Мұрат және Батыр есімді екі жігіт ұрған. Камоланың айтуынша, оны ұрып қана қоймай, айқайламас үшін аузын скочпен жапсырып қоюға тырысқан. Жас қыз Мұрат есімді жігітке тұрмысқа шыққысы келмегені үшін соққыға жығылғанын айтты. Қыз бұл жігітті өмірінде екі рет қана көрген. Оның анасы Карима Курбанова 11 қазанда молда шақыртып қойған. Бірақ қыз Мұратқа тигенше, өлгенім артық деп айтқан. «Күйеу жігіттің» бұрынғы некесінен екі баласы бар. Қыз түнгі киімімен үйінен қашып шыққан. Анасы оның құжаттарын алып, болашақ «күйеу балаға» берген. Адам құқығын қорғаушы Елена Урлаева милицияға және жедел жәрдемге хабарласты. Дәрігерлер Камоланың миы шайқалғанын, шүйде терісі зақымданғанын анықтады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде