jasqazaq.kz

Қыз алып қашуға байланысты жаза күшейтілді

07 сәуiр 2019, 16:04

Қырғызстанда қыз алып қашуға байланысты жаза күшейтілді. Енді қыз ұрлаушылар 7 жылдан10 жылға дейін түрмеге қамалды. Бұл туралы «Әйелдер әлем банкі» үкіметтік емес құқық қорғау ұйымының төрағасы Гүлсана Абытова мәлімдеді деп хабарлады Stan.kz.

Сондай-ақ, қыз алып қашқаны үшін 200 мың сом (үш мың доллардан астам) айыппұл қарастырылған.

Құқық қорғаушының айтуынша, соңғы жылдары республикадағы жағдай «өзгерген жоқ».

«Отбасын құру үшін жас қыздарды өз еркінсіз алып қашу әлі де жалғасуда, тіпті, қыздар бұндай жағдайдан кейін өзіне қол жұмсаған жағдайлар да болды», — деп мәлімдеді Абытова. Сонымен қатар, құқық қорғау ұйымының төрағасы көп жағдайда ұрланған қыздардың ата-аналары мен туыстары орын алған жағдай туралы құқық қорғау органдарына мәлімдемейтіндігін, ал сотқа бірен-саран жағдайлар ғана жеткізілетіндігін жасырмады.

Құқық қорғаушылар күн сайын Қырғызстанда кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды ұрлауға қатысты 30-ға жуық оқиға тіркелетіндігін хабарлады. Олардың алтауы зорлықпен болатыны мәлім болды. Республика қалаларында әрбір бесінші неке қалыңдықты ұрлау жолымен қиылса, ал ауылдарда бұл көрсеткіш 60 пайызға жетеді, бұлай тұрмыс құрудың үштен екісі қыздардың келісімінсіз болады.

Соңғы рет ұрлағаны үшін жаза 2013 жылы қатаңдатылған еді.Ол кезде 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру бекітілген еді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда