jasqazaq.kz

Қыз алып қашқандар сотталды

25 қыркүйек 2019, 11:58

Жамбыл облысының прокуратурасы қыз ұрлығы үшін 15 жылға дейін жаза күтіп тұрғанын еске салады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Айта кетейік, таяуда Қордай аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының төрт тұрғыны қыз ұрлағаны үшін 7 жылға сотталған болатын. Ал автокөлік қылмыс құралы ретінде тәркіленіп, мемлекет кірісіне алынды. Оқиға 2018 жылдың күзінде жігіттің Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын қызбен танысуынан басталған. Әлеуметтік желідегі таныстықтан кейін жігіт қызды алып қашуды ойластыра бастайды. «Ұзақ ойланбастан ол үйлену мақсатында өзінің үш танысымен келісіп, Қордай ауданына автокөлікпен келеді. Келген соң ұялы телефонға қоңырау шалып, қызға кездесуді ұсынады, бірақ ол бас тартқан. Жастар қыздың үй жағында күтіп, оны көшеде қарсы алады. Қыздың қарсылық көрсетіп, бас тартуына қарамастан, олар оны көлікке күштеп салып, Түркістан облысына жол тартады. Алайда полиция қызметкерлері оларды Тараз қаласының шыға берісінде ұстады» делінген хабарламада. Осыған байланысты облыс прокуратурасы қыз алып қашу сияқты ойланбай істеген іс-әрекет үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұрғанын еске салады. Бұл ретте ұрланған адамды өз еркімен босатқан адамның әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық