jasqazaq.kz

Қыз алып қашқандар істі болды

30 мамыр 2019, 12:34

Қызды еркінен тыс алып қашқан жігіттер жазаға тартылды. Оқиға 2018 жылы шілдеде болған. Жігіттердің бірі екі ауылдасымен кездесіп, өзінің үйлену жөнінде ойы бар екенін айтып, қыз алып қашу жайлы ойын білдіреді.

Үшеуі осылайша ортақ шешімге келіп, Қызылорда қаласына келеді. Бұл туралы Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлады. Үйленуге бекінген жігіт өзінің бұрын жүрген қызының үйінің маңын торуылдайды. Таңертеңгілік уақытта жұмысына жаяу бара жатқан бойжеткенді үйленетін жігіт көлікпен алып баратынын айтады. Көлікке мінуіне өтініш жасайды. Оған қарсылық білдірген бойжеткенді екі қолынан қысып ұстап, көлікке отырғызады. Осыдан кейін үшеуі бойжеткенмен бірге өздері тұратын ауданға қарай бет алады. Дегенмен жол бойында жылдамдығын асырған көлік жүргізушісін жергілікті полиция қызметкерлері тоқтатады. Сол сәтте жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Бойжеткенді еркінен тыс алып қашқан үш жігіт аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен іс қозғалды. Сот үкімімен сотталушыларға 7 жыл мерзімге шартты жаза тағайындалды.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі