jasqazaq.kz

Қыз алып қашқандар 12 жылға дейін сотталады

20 ақпан 2018, 15:09

Адвокат Әсел (Нұрмаханова) Тоқаева қалыңдық ұрлығын «адам ұрлығы» деп есепетемеу керек деген ұсыныс тастады. Бұл туралы желідегі «Қазақстан адвокаттары» тобында жазды.

Желідегі топта адвокат Руслан Шағатаев қорғалушысы ҚР ҚК 125 бап, 2 бөлім, 1,3 тармақтары (Ұйымдасқан түрде адам ұрлау) бойынша айыпталып жатқанын айтып, әріптестерінің кеңесін сұрады.

«Менің қорғалушым көзсіз ғашық болып, оны жоғалтып алудан қорқып қазақтың дәстүрі бойынша сүйікті қызын алып қашуды ойлаған. Бұл ойын достарына айтып, көмек сұрған. Тағы 3 досы да алып қашуға көмектесетін болды. 4 жігіт қызды жұмыс орнынан ұрлап, күйеу жігіттің үйіне апарып тастаған. 40 минут өткен соң полиция келіп, қызбен қоса күйеу жігітті өздерімен бірге алып кеткен. Қызды ұрлағаннан кейін оған ешқандай зорлық көрсетілмеген. Кетем деген қыз жігіттің бетінен ұра бастаған, жігіт оны тынышталдыру үшін бетінен бір рет ұрған. Содан қыздың бетіне кішкене зақым келген. Бірақ, денесінде ешқандай жарақаттар жоқ», – деп жазды Шағатаев.

Адвокаттың айтуынша, жігіт кінәсін мойындады. Қыздың әікесі кешірмейтінін айтып, жазалуды сұрады. Оны 7 жылдан 12 жылға дейін бостандығынан айыруы мүмкін.

Шағатаевқа жауап берген адвокат Әсел Тоқаева қалыңдықты ұрлаудағы мақсатын ескеру керегін айтты.

«Бөлек құрам енгізу керек. Үйлену мақсатында ұлау деген сияқты. Оның да жазасы басқаша болады.Егер адамды мүлде басқа мақсатта ұрласа әңіме басқа», – дейді ол

Шағатаева оған жаңа мақала жазып, Жоғары сотқа немесе бас прокуратураға ұсыну керектігіна айты.

Өз кезегінде Тоқаев ұл ұсынысты жақсы қабылдады.

stan.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды