jasqazaq.kz

Қытаймен шекарада 10 мыңнан астам жүк көлігі кезекте тұр

02 қараша 2021, 17:28

«Нұр жолы» кеден бекетінің Қазақстан жағынан Қытайға жөнелтуге 10 мыңнан астам ауыр жүк көлігі кезекте тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көрші мемлекет — Қытай, өткізу пункті — «Нұр жолы», Шығатын көлік саны — 50 (49-өткізу бекетінде электронды кезекте 10 346 көлік)», — деп Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған кестеде көрсетілген.

Сондай-ақ «Бақты» бекетінде Қытайға шығу үшін 215 көлік, Өзбекстанға шығу үшін тағы 53 көлік кезекте тұрғаны айтылды: «Атамекен» өткізу бекетінде — 15, Қапланбек — 25 және Қазығұртта — 13.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті транзиттік тасымалдау департаменті басшысының орынбасары Қайрат Тәңкібаев электронды кезек жүйесінің енгізілуіне байланысты шекарада ауыр жүк көліктерінің жиналмағанын айтты.

«Қытай тарапы пандемияға байланысты өз аумағына көліктердің кіруіне шектеу қойды. Осыған байланысты Қытай жағындағы бес бақылау-өткізу пунктінің тек үшеуі ғана жұмыс істейді. Қытай тарапы күніне 100-ден аспайтын көлікті қабылдайды. Жағдайды реттеу үшін электронды кезек жүйесі құрылды. Барлық қозғалыстар электронды кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Шекараның өзінде көліктердің жиналуы жоқ», — деді Тәңкібаев.

Бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ҚХР Мемлекеттік кеңесі вице-премьерімен шекарада үлкен көлемде жүктің жиналуына әкеліп соқтырған автомобиль және теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемінің төмендеуіне байланысты жағдайды талқылаған болатын. Тараптар жақын арада мәселені шешу үшін барлық мүмкін шараларды бірлесіп қабылдауға келіскені айтылды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде