jasqazaq.kz

Қытаймен кедендік шекарада тәртіп орнату: Бюджетке 59,5 млрд теңге өндірілді

22 қыркүйек 2022, 11:45

2022 жылдың ақпан-мамыр айларында мемлекеттік кірістер органдары 10 уәкілетті экономикалық операторға қатысты жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер жүргізген болатын.

Кедендік тексеру нәтижелері бойынша 107,7 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар қосымша есептелді. Уәкілетті экономикалық оператор тауарлардың кедендік құнын дұрыс төмендетіп көрсету арқылы кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтармақ болған.

Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша мемлекеттік кірістер органдары прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарымен бірлесіп мемлекет бюджетіне 59,5 млрд теңге мөлшерінде кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар сомасын өндіріп алды. Оның ішінде, ерікті түрде төленгені — 56,9 млрд теңге, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларының нәтижесінде өндірілгені — 2,5 млрд. теңге.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті экономикалық операторларға және кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша ортақ міндет атқаратын кеден өкілдеріне қатысты берешекті өндіріп алу шараларын қабылдау бойынша жұмысты жалғастыруда.

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті