jasqazaq.kz

Қытайлық вирус «жұқтырған» банандар туралы ақпаратты теріске шығарды

25 қантар 2020, 20:12

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров әлеуметтік желідегі қытайлық вирус «жұқтырған» банандар туралы пікір білдірді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде түрлі жалған ақпараттар тарап жатыр. Әсіресе, банандар арқылы коронавирусты жұқтыруға болатыны жазылған. Бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдегіміз келеді», — деді вице-министр СҚ «Фармация» алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ресми дереккөздерге ғана сенім артқан жөн.

«Бұл мәселе бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі құзырлы органдарға жүгінді. Кінәлілерді тауып, жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылғанын қалаймыз. Қылмыстық кодекс аясында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратудың заңмен қудаланатынын еске салғымыз келеді», — деді К. Надыров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде