jasqazaq.kz

Қытайлық оқушыларға мектепке ұялы телефон алып келуге тыйым салынды

03 ақпан 2021, 17:17

Қытайдың Білім министрлігі бастауыш және орта мектеп оқушыларына мектепке ұялы телефон алып келуге тыйым салды, — деп хабарлайды Xinhua.

Әкімшілік агенттіктің баяндамасына сәйкес, 18 жасқа дейінгі жастардың 74 пайызы интернетті смартфон арқылы қолданады. Билік ұялы телефондар жасөспірімдерге кері әсер етеді деп есептейді, сондықтан шектеу қою жастардың көру қабілетін сақтап, сабаққа деген зейінін ашуға ықпал етеді.

«Бұл оқушылардың көру қабілетін сақтап, сабаққа деген зейінін ашып, оқу процесі кезінде интернетте отырып, ойын ойнамауы үшін, физикалық және психикалық дамуын күшейту үшін қабылданды», — делінген министрлік сайтында.

Министрлік жарлығы бойынша, ұялы телефонды тек сыныпқа емес, сонымен қатар, жалпы мектепке алып келуге болмайды. Қаулыға сәйкес, қажет болған жағдайда ата-аналар өтініш жазуы қажет. Сол жағдайда ғана оқушы өзімен телефон алып жүре алады. Алайда оқушы бәрібір сабақ кезінде телефонын сақтауға арналған орынға қалдырып кетуі тиіс.

Мұғалімдерге де үй жұмысын телефон арқылы жіберіп, оқушыдан үйге берілген тапсырманы телефон арқылы орындауын талап етуіне тыйым салынды. Мектеп әкімшілігі оқушыларға телефонды қажет жағдайда ғана қолдануды түсіндіруі қажет. Министрлік ата-аналарға баланың қызығушылығына мән беріп, олардың оқуға, спортпен және шығармашылықпен айналысуға деген ынтасын ашып, телефон сатып алардан бұрын дұрыстап ойлануды ұсынды.

tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия