jasqazaq.kz

Қытайлық коронавируспен ауырған бірінші науқас айығып кетті

25 қантар 2020, 12:48

Шанхайда коронавирустың 2019-nCoV жаңа түрін жұқтырған бірінші науқас жазылды. Бұл туралы Sina басылымы Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды. Шанхайлық дәрігерлердің айтуынша, 56 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы коронавирус тараған Ухань қаласында болған. 10 қаңтарда ол өзін жайсыз сезінген, екі күннен соң Шанхайға келген, 15 қаңтарда ол ауруханаға жатқызылды. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы оның коронавирусты жұқтырғанын анықтаған, бұл өңірдегі бірінші жағдай болған. Ведомствоның есебінде емдеу барысында әйелдің жағдайы жақсарғаны, ал алты күнде дене қызуы нормадан аспайтыны айтылған. Оның тыныс алуы да жақсарған, ал вирустың нуклеин қышқылдарының реакциясын тексеретін тест нәтижелері оның ауру еместігін көрсеткен. Оның жай-күйін бағалай отырып, комиссияның сараптамалық тобы оны ауруханадан шығаруға болатын қорытындыға келді. Сонымен қатар, РИА Новости мәліметінше, коронавирустың жаңа түрі француздық Париж мен Бордо қалаларында тіркелген. Бұл туралы Францияның Денсаулық сақтау министрі Аньес Бузен мәлімдеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде