jasqazaq.kz

Қытайлық дәрі-дәрмек сатпақ болған алыпсатарлар ұсталды (видео)

15 шiлде 2020, 22:07

Нұр-Сұлтанда қытай шіріткісін сатпақ болған алыпсатарлар ұсталды. Оның көлігінен 165 бума дәрі-дәрмек табылды. Саудаға шығаратын рұқсат қағазы жоқ болып шықты. Полиция мәліметінше, арнайы жүрген рейді кезінде бір ғана Елордадан 17 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тәркіленіпті. Бұл тауарлар арнайы сараптамадан кейін сот шешімінен денсаулық сақтау мекемелеріне берілмек. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлады.

Ал, дәрі-дәрмекке сұраныс жоғары. Мәселен, Шығыс Қазақстанда қызу түсіретін дәрі-дәрмектің бір айлық қорын тұрғындар бір күнде талап алып қойған. Сондықтан да өңірде дәрі-дәрмек қоймаларына бақылау күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі өкілдері, бүгін Өскемендегі дәріханаларды аралап шықты.

Тимур СӘЛІМБАЕВ, ФАРМКОМПАНИЯНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кейбір дәрі-дәрмекті бір жолғы рұқсатпен әкеле алмай отырмыз. Әсіресе сертификатталмаған дәрілерді. Оларды әкелуге болады, бірақ оның сертификатын алу қиын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігі мен «Адалдық алаңы» және арнайы мониторинг топтары бірнеше қалада «СК-Фармация» мекемесіне тиесілі қоймаларды тексерді. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкентте Covid-19 дертіне қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті екені анықталды. Алайда, ол дәрілер емдеу мекемелеріне уақытылы жеткізілмеген.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия