jasqazaq.kz

Қытайларды сабаған қырғыздар сотталуы мүмкін

06 тамыз 2019, 16:29

Қырғызстанда қытайлық алтын өндірушілер мен жергілікті тұрғындар арасындағы жанжал туды, — деп хабарлайды РИА Новости. Оқиға 5 тамыз күні Нарын облысындағы Солтон-Сары аймағы өңірінде болған.

«Жақын маңдағы ауылдың 300-ге жуық тұрғыны Zhong Ji Mining компаниясының алтын кенішіндегі жұмысты тоқтатуды талап еткен. Екі тарап бір-біріне тас лақтырысқан», — деп хабарлаған өңір әкімшілігі. Жанжал нәтижесінде 20-ға жуық адам зардап шеккен. 24.kg хабарлауынша зардап шеккендердің барлығы Zhong Ji Mining компаниясының қызметкерлері. Сонымен қатар Қытай компаниясына тиесілі техника құралдары да зардап шеккен.

Солтон-Сары өңірінің тұрғындары шахта орналасқан маңда малдың өлім-жітімі көбейген. Жергілікті халықтың сөзінше, бұған жақын маңдағы өзендердегі жарылыс пен химиялық судан улану себеп болған. Алайда, Қырғызстан үкіметі мұны дәлелтейтін ешқандай айғақ таба алмады. Жанжал бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Аталған дерек бойынша Нарын облысы Ішкі істер департаментінің қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінде тіркелді, қажетті тергеу шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мекеме мәліметінше, қазір аймақтағы жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында. Сондай-ақ төтенше жағдай аймағына Қырғызстан вице-премьері Кубатбек Буронов келіп жеткен. Жоғары лауазымды тұлғалар жергілікті тұрғындармен кездесу өткізбекші.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда