jasqazaq.kz

Қытайға тұрмысқа шыққан Ләйлә күйеуін мақтап, ақтап әлек

27 маусым 2018, 17:13

Соңғы кездері қытайға тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздарының тағдыры көпшілікті алаңдатып жүргені рас. Бірі — жақтап, екінші бірі -даттап жатыр. Бірақ кетем деген қызды ұстап қала алмайтынын бәрі де біледі. Жұрттың сөзіне, қарсылығына қарамай, шетелдіктің етегін ұстаған Ләйлә есімді қазақ қызы желідегі парақшасына бұндай қадамға не үшін барғанын айтып ақталды.

Ләйләнің күйеуі отасқалы мұсылман дінін қабылдап, шошқа етінен де бас тартыпты.

«Менің күйеуім үйінің үлкені. Мені, анасын, 4 бауырын бағып отыр. Оған менің бір жерді тіреп тұрған туысымның болуы маңызды емес. Әке-шешемнің қандай болғаны да. Менің дене бітімім қалай болса, солай барымен қабылдады», — деп бастады ол сөзін.

Ләйләға жақсы жігіт кезікпегенге ұқсайды. Тағдыр ғой. Сол үшін де қазақтың ер азаматтарынан қатты көңілі қалыпты.

«Біздің жігіттер өздері түнгі клубтарда қыдырып, жататын қызымен жатып келеді де пәк қыз іздеп шығады. Адам өзіне қарау керек қой.

Маған түрлі пікір жазып жатыр: «Бұны атып тастау керек», «Ұрып, қуу керек», «Қазақстан азаматтығынан айыру керек» деген сияқты. Кешіріңіздер. Бірақ мен адамды ұлтына, нәсіліне қарап бөлмеймін. Алланың алдында бәріміз теңбіз.

Менің күйеуім ешқашан басқа адамға себепсіз тіл тигізбейді. Сол үшін де оны сыйлаймын. Адамгершілігі мол. Оның болашағына зор сеніммен қараймын. Кешіріңіздер, адамдар, шынайылығым үшін», — деп сөзін аяқтады Ләйлә.

sn.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді