jasqazaq.kz

Қытайға сәби сатқандардың даулы ісінде қазақстандық әйелдің есімі пайда болды

25 маусым 2020, 10:17

Мәскеудегі пәтерлердің бірінен бес сәби табылды. Суррогат аналардың балаларды «сату үшін» дүниеге әкелгені туралы хабарланды. Күдікті әйелдердің кім екені белгілі болды.

Ресейде суррогат аналар бес сәбиді дүниеге әкелді, деп хабарлайды РЕН ТВ. Әйелдер арасында — үш Қытай азаматы, бір ресейлік әйел және бір қазақстандық әйел бар.

Еске салсақ, 23 маусымда полицияға пәтерде кішкентай балалардың бар екені туралы хабарлама түскен. Қоңырауға келген тәртіп сақшылары пәтерде сәбилерді тапты. Олардың ең кішісінің өмірге келгеніне 5 күн ғана болған. Үлкені 3 айлық. Сондай-ақ сәбилерді күткен екі Қытай азаматы анықталды.

Пәтерден қытай тілінде жазылған балалардың құжаттары табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сәбилер шетелде сатуға дайындалған.

Балалар ауруханаға жіберілді. Аталған фактіге қатысты адам саудасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия