jasqazaq.kz

Қытайға мамонт тістерін алып өтпек болды (Видео)

12 қазан 2021, 15:01

Нұр-Сұлтанда құнды заттар контрабандасы тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Агенттік департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты құнды заттар контрабандасымен айналысты деген күдікпен тергеу басталғанын хабарлады.

«Ресей Федерациясының азаматы Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы арқылы Қытай Халық Республикасына жалпы салмағы 2 мың килограмнан астам мамонт тісі мен мүйізтұмсық мүйізін заңсыз алып өтпек болғаны анықталды», — делінген министрліктің хабарламасында.

Департамент тауар жіберуші Мәскеуде жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры екенін айтты.

«Палеонтологиялық материалды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және одан әрі Нұр-Сұлтан қаласынан ҚХР-ге жібергісі келген Ресей Федерациясының азаматы, ЖШС директорының ісі тіркелді.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша барлық заттың шамамен құны 173 миллион теңге болады. 2021 жылы 1 қазанда күдікті сот рұқсатымен ұсталып, қамауға алынды. Басқа ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді», — делінген хабарламада.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия