jasqazaq.kz

Қытайға баратын отандастарға ескерту жасалды

06 қантар 2020, 15:04

Қазақстандықтарға Қытайға барған кезде шығу тегі белгісіз індеттің шығуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы ескертілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Бұл туралы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев хабарлады. Ол желтоқсан айының соңынан бастап Хубэй провинциясының Ухань қаласында (Қытай) ресми түрде халықтың этиологиясы анықталмаған пневмониямен ауыруының 44 жағдайы тіркелгенін атап өтті. «Инфекция қоздырғышы осы уақытқа дейін анықталмаған. Көптеген жағдай қалалық жаңа теңіз өнімдері базарымен байланысты, онда құстың әр түрі, қоян, жылан және басқа да бауырымен жорғалаушылар сатылды», — деп түсіндірді ол. «Осыған байланысты осы елге сапарды жоспарлау кезінде Қытайда шыққан белгісіз пневмониямен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты назарға алуды сұраймыз», — деп толықтырды Ержан Байтанаев. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласынан Бейжің, Санья және Үрімші қалаларына, Алматыдан Бейжің, Санья, Хайкоу, Сиань және Үрімші қалаларына тікелей әуе рейстері жүріп жатыр.

ҚХР-ға баратын тұлғаларға комитетте респираторлық инфекциялардың алдын алудың негізгі шараларын сақтауды ұсынды:

* Жіті респираторлық жұқпалар белгілері бар адамдармен байланысудан сақтану.

* Жиі қолды жуу, әсіресе науқас адамдармен немесе олардың ортасымен тікелей байланысқаннан кейін 

* Фермалардағы жануарлармен немесе жабайы жануарлармен жанасудан аулақ болу.

* Жедел респираторлық инфекция симптомдары пайда болған кезде медициналық көмекке жүгініңіз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде