jasqazaq.kz

Қытайға алапат тайфун жақындап келеді

09 тамыз 2019, 11:44

Жұма күні таңертең Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы елдің шығыс жағалауларына аса қауіпті супертайфун келе жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Xinhua агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Жойқын дауылға «Лекима» деген ат берілді. Болжамдарға сәйкес, ол Қытай шығысындағы Чжэцзян провинциясына сенбі күні жетеді және ол биыл Қытайға төнген тоғызыншы тайфун болмақ. Бүгін жергілікті уақытпен таңғы 8-де «Лекиманың» орталығы Чжэцзян провинциясындағы Вэньлин қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 290 км қашықтықта болған. Желдің жылдамдығы сағатына 209 км айналасында. Тайфунның өзі солтүстік-батысқа қарай сағатына 13 км жылдамдықпен жылжып келеді. Дәл осындай жылдамдықпен жүрсе, жағалауға сенбі күні таңертең жетеді. Бұдан тыс, Аньхой, Фуцзянь, Цзянсу және Чжэцзян провинцияларында және Шанхайда бүгін түнде нөсер жауады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда