jasqazaq.kz

Қытайдың Ухан қаласы тұрғындарына көшеге шығуға тыйым салынды

23 қантар 2020, 10:21

Қытайда жаңа коронавирустың ошағы болған Ухан қаласының (Хубэй провинциясы) тұрғындарына көшеге шығуға уақытша тыйым салынды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«2020 жылдың 23 қаңтары сағат 10:00-ден бастап қалалық автобустар, метро, паромдар және халықаралық жолаушылар тасымалы тоқтайды. Ухан тұрғындары себепсіз қаладан кетуге болмайды. Ухан қаласындағы әуежайлар мен теміржол вокзалдарынан жүретін рейстер уақытша жабылды», — делінген жаңа коронавирустық инфекциямен күрес және алдын алу жөніндегі қалалық штабтың хабарламасында.

Мұндай шаралар жаңа коронавирустың берілу жолдарын тиімді қысқартуға, індеттің таралу қарқынын ұстап тұруға және халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ухан – Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы, ол 17 адамның көз жұмуына әкеп соқтырған жаңа коронавирустың таралу ошағына айналды.

Қытайда коронавирустың жаңа үлгісін жұқтырған 544 адам тіркелді, оның ішінде 444-і – Хубэй провинциясында.

Еске салсақ, Қытай ресми түрде дүйсенбі күні вирустың адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол елде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 440 адамға жеткені және осы аурудан тоғыз адамның көз жұмғаны хабарланды. Сондай-ақ, Қытайда тараған пневмония Тайланд пен АҚШ-та тіркелді. Еуропа Қытайда тараған коронавирустан қауіптеніп отыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия