jasqazaq.kz

Қытайдың солтүстік-шығысында коронавирус қайта тарап жатыр

12 мамыр 2020, 10:28

Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда бірде-бір коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелмегеніне қарамастан, Қытайдың солтүстік-шығысындағы Шулань қаласында жағдай мәз емес.

Шуланьда (Цзилин провинциясы, солтүстік-шығыс Қытай) 16 адам коронавирус жұқтырған (11 мамыр). Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл індеттің қауіптілігі Шулань қаласында кластерлік инфекцияның көзі әлі анықталмауында. Бүгінгі таңда Шулань эпидемиологиялық қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланған ҚХР-дағы жалғыз қала деңгейіне айналды. Қалаға карантин енгізіліп, оның тұрғындары коронавирустың өршуіне байланысты толық оқшаулануға қайта оралды. «Жалпы алғанда өткен тәулікте (2020 жылдың 11 мамырдағы сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) құрлықтық Қытайда бірде-бір коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Індеттен қайтыс болу оқиғасы да жоқ», — деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөніндегі мемлекеттік комиссия. Ауру жұқтырудың жаңа оқиғалары сырттан әкелінген. Коронавирустың 15 симптомсыз жағдайы анықталған. Эпидемия басталғалы құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырғандар саны 82 919 адам. 78 171 адам қауіпті вирустан емделіп, ауруханадан шығарылған. 4633 адам коронавирустан қайтыс болған. Ел ауруханасында 115 адам коронавирустан ем қабылдауда. 10 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде