jasqazaq.kz

Қытайдың шығысында нөсер жауыннан 2 млн адам жапа шекті

27 маусым 2022, 9:58

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында нөсер жауыннан 2 млн адам жапа шекті. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Цзянси провинциясында табиғат тосын мінез танытып, нөсер жаңбыр жауған. Бұл 2,05 млн тұрғынның қалыпты өмір дағдысын бұзды. 150 мың гектар егістік су астында қалды. Экономикалық шығын 6,79 млрд юаньнен ($1,01 млрд) асып жығылған.

Қызыл су басқан аймақтан шұғыл түрде 300 мың тұрғын эвакуацияланды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, билік алғаш рет Цзянси провинциясында ауа райының қолайсыздығына байланысты қызыл деңгейдегі төтенше жағдай жариялаған.

Айта кету керек, Қытайда төтенше жағдай 4 деңгей бойынша белгіленеді: көк, сары, қызыл сары және қызыл деңгей.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр