jasqazaq.kz

Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтар анықталды

27 маусым 2018, 14:12

Шығыс Қазақстан облысында Қытайда шығарылған өте қауіпті балалар ойыншықтары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті таратқан мәліметке сәйкес, ойыншықтардың құрамынан нормадан екі есе көп ацетон мен изобутил спирті табылған. Нарыққа балалардың денсаулығына қауіпті әрі сапасыз балалар ойыншықтардың түсу себебі жеткізушілердің өз міндеттемелерін орындамауы болып отыр. «Қытайда шығарылған ойыншықтарда қажетті сертификат құжаттар мен рұқсаттары, сәйкесінше таңбалауы бола бермейді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті ата-аналардан ойыншық сатып алу барысында таңбалануына, шығарушы туралы ақпаратқа, тауардың тұтынушылық сипаттамасына, өнім шығарылған материал құрамына және аталған ойыншықтың қандай жастағы балаларға арналғанына назар аударуды сұрайды»,- делінген комитет ақпаратында. Сонымен қатар, ойыншықтарды сатып алу барысында, иісіне, өңделмеген өткір қырларының болуына және өзге де кемшіліктеріне назар аударған жөн. Ал жұмсақ ойыншықтардың тігінділері мен ұсақ-түйек беріктігін тексеру қажет. Жалпы, кез келген тұтынушы сатушыдан кез келген тауар түрінің қауіпсіздігін дәлелдейтін сертификатын сұрауға құқылы.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді