jasqazaq.kz

Қытайдан келген тағы алты қазақстандық ауруханаға жатқызылды

28 қантар 2020, 17:47

Қытайдан келген тағы алты адам Қазақстанда ауруханаға жатқызылды, осыған дейін ауруаханаға түскен екі адам үйіне жіберілді. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. «Таңертең ауруханаға төрт адам түскен еді. Оның екеуі амбулаториялық көмектен соң үйіне жіберілді. Дәл қазір Алматыда бір адамның ауруханаға түскені туралы хабар жетті. Ақмола облысында бір отбасы (бес адам) ауруханаға түскен. Олар Қытайда болған, барлығында қатты респиратор вирус белгілері бар, ал екі баланың дене қызуы көтерілген. Отбасының ересектерінде айтарлықтай жұқпалы ауру жұқтырудың белгілері байқалмайды, бірақ олар байланыста болған соң, оларды да ауруханаға жатқызы. Бес адам ауруханаға түсті», — деді Бекшин. Медициналық мамандар, оның айтуынша, 6 қаңтардан бері Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды анықтап жатыр. «Біз бүгін 6 қаңтардан бері ҚХР-дан келген барлық шетелдікті анықтадық. Барлығымен байланыстамыз, медициналық қызметкерлер байланысып жатыр. 6 қаңтардан кейін ҚХР-дан келген барлық азаматты, әсіресе соңғы 14 күн ішінде емханаларға барып, 14 күн бойы тұрақты медициналық бақылау үшін есепке тұруды сұраймыз», — деді Бекшин.

Біртанов ауруханаға жатқызылғандардың барлық қажетті қан сараптамалары алынғанын айтты. «Үш тәулік ішінде егжей-тегжейлі диагностика жүргізіледі. Тиісті терапия басталды», — деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде