jasqazaq.kz

Қытайдан келген қазақтарға жалған құжат жасаған топ анықталды

23 ақпан 2021, 11:44

Алматы облысында жалған құжат жасаған топ анықталды. Олар Қытайдан келген азаматтарға Қазақстанда әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін құжат дайындаған.

«Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасымен бірлесіп, жедел-іздестіру шарасы барысында Қытай халық республикасынан келген Қазақстан Республикасы азаматтарына әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжат дайындаумен және өткізумен айналысатын топты анықтады», — делінген қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратында.

Тексеру барысында Қытай халық республикасының әртүрлі ұйымының мөрі, нотариустың мөрі мен қолы қойылған бланкілер, қағаз кесуге арналған станок және әртүрлі жалған құжаттар (еңбек кітапшасы, туу туралы куәлік және неке туралы куәлік) жасалған басқа да заттар табылды және қолданыстан шығарылды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

sputnik

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия