jasqazaq.kz

Қытайдан 116 млрд теңге несие алу туралы заң жобасы қабылданды

11 сәуiр 2019, 12:03

Парламент Сенаты ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы ҚХР жеңілдікті кредит беруі туралы негіздемелік келісімді ратификациялау бойынша заң жобасын мақұлдады.

Премьер-министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың Парламент Сенатының жалпы отырысында баяндама жасады.

«Мемлекет басшысының «Қазақстанның 8 жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттік» атты Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан экономикасын дамытудағы басымдықтардың бірі – жаңа Еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту екенін атап өтті. Осыған байланысты жүк транзитінің еркіндігін, көлік дәліздерін құруды және жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет», — деп айтты Смайылов.

Қаржы министрі осы мақсатта Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасының Қазақстан учаскесіндегі өткізу пунктілерінің кедендік инфрақұрылымдарын дамыту қажет екенін атап өтті.

«Қазіргі бар инфрақұрылым өсіп жатқан ағынды біркелкі және жедел өткізуге мүмкіндік бермейді. Мысал ретінде, жуырда қазақ-өзбек шекарасында орын алған жағдайды келтіруге болады. Қазақстан тарапындағы өткізу пунктілерінің алдында күн сайын 100-ден 300-ге дейін автокөлік құралдары жиналып қалуда, тасымалдаушылар кезкте 3 тәулікке дейін тұруға мәжүр.», — деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Ол Қаржы министрлігі өткізу мүмкіндігін ұлғайту үшін «Эталондық өткізу пункті» тұжырымдамасын әзірлегенін мәлімдеді.

«Осы тұжырымдамаға сәйкес Қазақстанның өткізу пунктілерін қозғалыс ағынын (қозғалыс бағыттары қиылыспайтындай) міндетті түрде бөле отырып жайластыру жоспарлануда. Көлік құралдарының тоқтаусыз қозғалуы үшін Техникалық бақылаудың бірыңғай өтпелі автоматтандырылған дәліздері орнатылатын болады. 2018 жылдың маусым айында Бейжің қаласына Мемлекет басшысының сапары шеңберінде сіздерге ратификациялауға ұсынылып отырған негіздемелік келісімге қол қойылды», — деді Смайылов Паралмент Сенатының жалпы отырсында.

Ол аталған қарыз шеңберінде ҚХР 9 автомобиль және 1 теміржол өткізу пунктілеріне жаңғырту және техникалық қоса жарақтандыру жүргізуді
жобаның іске асырылуын осы жылдың соңында бастауды және 2022 жылы аяқтауды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«ЕАЭО сыртқы шекарасының барлық периметрі бойынша өткізу пункттерін жаңғырту, сондай-ақ тауарлардың барлық өту циклін автоматтандыру кедендік әкімшілендіру деңгейін арттыруға, өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қаржы шығындарына және елдің рейтингіне оң әсер етеді», — деп сөзін түйіндеді Қаржы министрі.

Парламент Сенаты депутаттарының бірауыз шешімімен заң жобасы қабылданды.

baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда