jasqazaq.kz

Қытайдағы жер сілкінісі: 9 кенші қаза тапты

10 маусым 2019, 11:09

Қытайда Цзилинь провинциясының солтүстік шығысында болған 2,3 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан тоғыз кенші қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды. Бұл жайлы дүйсенбі күні «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Агенттік мәліметінше, жер сілкінісі жексенбі күні шамамен сағат 20:00 кезінде Лунцзяпу ауданында болған. Дегенмен төтенше жағдай кезінде кеніште қанша адам болғаны айтылмай отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Шахтада жұмыс істеп жатқан барлық кеншілер жер бетіне шығарылды. Билік оқиғаның себебін анықтауға кірісті.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде