jasqazaq.kz

Қытайдағы су тасқыны салдарынан 15 адам қаза тапты

12 қазан 2021, 11:11

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында нөсер жауыннан болған су тасқыны салдарынан кем дегенде 15 адам қаза тауып, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы сейсенбі күні өткен брифинг кезінде Шаньси провинциясының билігі мәлімдеді.

Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында 2-7 қазан аралығында жауған нөсер жауын салдарынан ауқымды су тасқыны жүріп, 120 мыңнан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялауға тура келген. 1,7 млн астам адам жоғары қауіп аймағында қалған. Алдын ала есеп бойынша, 19,5 мың құрылыс қиралып, 18,2 мыңнан астам тұрғын үй бүлінген. Тікелей экономикалық шығын 5 млрд астам юаньді құраған. Шаньси провинциясында нормадан тыс жауған жаңбыр салдарынан 37 өзеннің суы тасып, автомобиль және теміржол қатынасы тоқтап қалған.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия