jasqazaq.kz

Қытайдағы студент өлімі жазатайым оқиға деп бағаланды

16 шiлде 2019, 17:04

Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Чанжоуда (ҚХР) қаза тапқан студенттің туған-туыстарымен Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің, Сандира Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Биылғы жылдың 26 сәуірінде Чанчжоу қаласындағы (Цзянсу провинциясы, ҚХР) тұрғын үйлердің бірінің 17-қабатынан құлау салдарынан, Цзянсу провинциясының технологиялық университетінің студенті, 1995 жылы туған ҚР азаматшасы Сандира Серікханова көз жұмған болатын. Бұл қайғылы оқиға туралы ақпаратты алғаннан кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының қызметкерлері марқұмның ата-анасына дереу хабарлап, сондай-ақ еліміздегі Қытай Елшілігінде С. Серікханованың әкесіне және ағасына ҚХР визаларын жедел ресімдеуге көмек көрсетті. Олар Чанжоу қаласына келгеннен кейін ҚР Шанхайдағы Бас консулдығының дипломаттары Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің өкілдерімен, С. Серікханова оқыған университеттің және сақтандыру компаниясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырды«, — делінген сыртқы саясат ведомоствосының Telegram-да жарияланған хабарламасында. Өткен кездесуде туған-туыстарына С.Серікханова қаза тапқан үйдің кіреберісіне орнатылған камералардың тиісті бейнематериалдары көрсетілді. Тергеу әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес, өлім жазатайым оқиға салдарынан болғаны анықталды. Кісі өлтіру күдігі анықталған жоқ. Қазақстандық дипломаттар Шанхайда қаза тапқан ҚР азаматының мәйітін Отанына жеткізуге көмек көрсетті. 2 мамырда С.Серікханованың мүрдесі Бейжіңнен Нұр-Сұлтанға жеткізілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда