jasqazaq.kz

Қытайдағы қазақтардың жанайқайына шенеуніктер енді құлақ асты

28 қараша 2017, 21:24


Соңғы кезде Шыңжаңда тұратын қандастарымыз қысым көруде деген ақпарат жиілеп кеткен болатын. Жағдай ушыға түссе керек, мәселеге енді дипломаттар араласуға мәжбүр.Бұл туралы ktk.kz хабарлайды.

Еліміздің Сыртқы істер вице-министрі Ақылбек Камалдинов Қытай елшісі Чжан Ханьхуэйеммен кездесіп, қазақ диаспорасының жағдайын талқылапты. Ал жыл соңында Сыртқы істер министрінің тағы бір орынбасары Мұхтар Тілеуберді Үрімшіге аттанбақ. Ақылбек Камалдинов та сол кезде Бейжіңге іссарармен баруды жоспарлап отыр. Негізі, «Қытайдағы қазақтардың құқығы тапталуда» деген әңгіме жазда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында айтылған. Кейін сенаторлар да осы мәселенің қаншалықты шындыққа жанасатын тексеруді сұрап, премьерге сауал жолдады. Өйткені, қандастарымыздың діни құқықтары бұзылған, шетелге шығуға шектеу қойған, тіпті, Қытай билігі оралмандық алу үшін рәсімдеген құжаттарын қайтаруды талап етеді екен.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды