jasqazaq.kz

Қытайда жойқын жер сілкінісі болды

22 мамыр 2021, 12:40

21 мамыр мен 22 мамырға қараған түні Қытайдың әр жерінде жер сілкінісі болды. Қазіргі уақытта елдің оңтүстік-батысында күндіз болған жер сілкінісінен екі адам қаза болғаны белгілі. Кеше кешке Қытайдың солтүстік-батысында тағы бір жойқын жер сілкінісі тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

Басылым елдің оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында болған жер сілкінісінен екі адам қаза тауып, алты адам зардап шеккенін жазды.

21 мамырда Дали-Бай автономиялық округінің Янби уезінде 20-ға жуық жер асты дүмпуі болған, магнитудасы 6,4 ең күшті жер сілкінісі 21.48-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19.48) тіркелді.

Бірнеше сағаттан кейін Қытайдың солтүстік-батысында Цинхай провинциясында 7,4 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл жер елдің ең тығыз қоныстанған аймақтарының бірі болып саналады. Жер асты дүмпулері сенбіде түнде жергілікті уақыт бойынша 02.04-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 00.04-те) тіркелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде