jasqazaq.kz

Қытайда жаңа вирусты жұқтырғандар саны күрт артты

24 қантар 2020, 10:28

Қытайда коронавирусты жұқтырған тағы 259 адам анықталды.Бұл туралы Қытайдың Орталық телеарнасына (CCTV) сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

CCTV мәліметі бойынша, соңғы тәулікте 27 провинцияда (аудан, қалалар) 259 адам вирус жұқтырып, 8 адам қаза болды

. «23 қаңтар сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, 29 провинцияда (аудан, қалалар) жаңа коронавирусты барлығы 830 адам жұқтырғаны расталып, өліммен аяқталған 25 оқиға тіркелді», — делінген Қытайдың Денсаулық сақтау және гигиена бойынша ұлттық комиссиясының хабарламасында.

Жаңа коронавирусқа Гонконгта — 2, Макаода — 2 және Тайваньда 1 адам шалдыққаны зертханалық жағдайда расталды.

Сонымен қатар, Таиланд (3), Жапония (1), Оңтүстік Корея (1), АҚШ (1), Вьетнам (2) және Сингапурде (1) инфекцияны жұқтырған тоғыз науқас тіркелді.

Сырқаттармен байланыста болған барлығы 9507 адам оқшауландырылды: олардың 1087-і ауруханадан шығарылды, ал 8420-ы әлі де карантинде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде