jasqazaq.kz

Қытайда жаңа коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

21 қантар 2020, 18:58

Қытайда коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр, тағы 77 адам аталған ауруды жұқтырып алған.Бұл туралы Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау ісі жөніндегі комиссиясына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Осы жылдың 20 қаңтары сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, коронавирустың жаңа үлгісіне шалдыққандар саны 291-ге жетті (270 – Уханьда, бесеуі – Бейжіңде, 14-і – Гуандунь провинциясында (Оңтүстік Қытай), екеуі – Шанхайда. Қытайдың 14 провинциясында ауру жұқтыруы мүмкін 54 адам бар», — делінген комиссия хабарламасында.

Олардың арасында мынадай провинциялар бар: Хайнань, Цзилинь (Солтүстік Шығыс Қытай), Аньхой (Орталық Қытай), Чжэцзянь мен Цзяньси (Шығыс Қытай), Гуйчжоу (Оңтүстік Батыс Қытай) мен Нинься-Хуэй автономиялық ауданы (Солтүстік Батыс Қытай).

Дәрігерлер науқастармен байланыста болған 1739 адамды оқшаулады. Олардың басым бөлігі ауруханадан шығарылды, бірақ 922 адам тыйым салынған орында.

Ухань қаласының мэрі Чжоу Сяньванның мәліметінше, осы аурудан алты адам көз жұмған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде