jasqazaq.kz

Қытайда тағы су тасқыны болып, 21 адам көз жұмды

13 тамыз 2021, 10:13

Қытай орталығындағы Хубэй провинциясында нөсер жауын салдарынан су тасқыны болып, 21 адам қаза тапты. Тағы төртеуі із-түссіз жоғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қытай орталық телевидениесіне сілтеме жасап. Табиғи апат салдарынан әсіресе таулы аймақта орналасқан Хубэй провинциясының Суйсянь уезіндегі Люлинь кенті зардап шекті. Тәулік ішінде бұл жерде 503 мм жауын-шашын түскен. Қытайлық БАҚ мәлімдемесіне сәйкес, нөсер жауын салдарынан Люлинь кентінде 21 адам қаза тауып, тағы төртеуі із-түссіз жоғалды. Апат салдарынан Люлинь кентінің 8 мың тұрғыны зардап шекті, сондай-ақ 2,7 мың құрылыс зақымдалған. Жолдарды су басып, 63 көпір және 700-ден астам электр бағанасы бүлінген. Қазіргі кезде мұндағы автомобиль қозғалысы, байланыс және электрмен жабдықтау әлі қалпына келтірілген жоқ.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия