jasqazaq.kz

Қытайда тағы бір аса қауіпті вирус тарады

02 ақпан 2020, 14:34

Қытайдың Хунань провинциясында H5N1 жұқпалы құс тұмауы тіркелді. Бұл туралы   РИА Новости басылымына сілтеп жасап Stan.kz хабарлайды.

Аталған провинция Хубэй провинциясымен шекаралас. Жоғары патогенді құс тұмауы фермалардың бірінде табылды. Ауру салдарынан ондағы барлық қанаттылардың жартысынан астамы қаза болды. Адам жұқтырғаны туралы әзірге хабарланған жоқ.

Құс тұмауы — А(H5N1) вирусынан туындайтын жұқпалы инфекциялық ауру. Ол қалтырау, температураның 38 градус Цельсияға дейін көтерілуі, бұлшық ет және бас аурулары, тамақтың ауыруы сынды белгілермен басталады. Сондай-ақ, жұқтырған адам бірнеше рет құсуы да мүмкін. Науқастың жағдайы тез нашарлайды. 2-3 күннен кейін ылғалды жөтел пайда болады, жиі қан кетіп, ентігеді. Содан кейін тыныс алу қиындап, бауыр, бүйрек және ми зақымдануы мүмкін. Құс тұмауы тез таралатын, өлім қаупі жоғары вирус.

Адамға берілу жолдары: тірі немесе өлі құстармен тығыз байланыста болғанда, сондай-ақ, ауру құс еті мен жұмыртқасын жеткілікті термиялық өңдеусіз тамаққа қолданғаннан кейін жұқтырады.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде