jasqazaq.kz

Қытайда су тасқынынан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

18 тамыз 2022, 15:50

Қытайдың Цинхай провинциясында болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 16 адамға жетті, тағы 36 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Соңғы мәліметке сәйкес, 18 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 12:00-де іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде су тасқынынан 16 адамның қаза болғаны, 36 адаммен байланыс үзілгені анықталды.

Апат аймағында 6 мыңнан астам жергілікті тұрғын қалды.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, 17 тамыз күні кешке Синин қаласының Датун уезінде (Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясы) нөсер жауын өтіп, одан орнаған су тасқыны мен көшкін өзен арналарының өзгеруіне әкелді.

Құтқару жұмыстарына 1600-ден астам адам мен 160 техника жұмылдырылды.

Бұған дейін Цинхай провинциясында (Солтүстік-Батыс Қытай) су тасқыны салдарынан кемінде 27 адам із-түзсіз жоғалып, төрт адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр