jasqazaq.kz

Қытайда су тасқыны мен құрғақшылықтан азық-түлік жетіспей жатыр (видео)

10 тамыз 2020, 16:54

Қытай билігі құрғақшылық, су тасқыны және жәндіктер егінді құртып жатқанын мәлімдеді. Салдарынан азық-түлік тапшы болып қалды, — деп хабарлайды The Epoch Times.

Порталдың хабарлауына қарағанда, Қытайда бидай мен жүгерінің көп бөлігі егілетін солтүстік-батыс және солтүстік-шығыста қатты құрғақшылық болған. Тіпті шөп және басқа дақылдар дұрыс өспегендіктен мал шаруашылығына да кері әсер еткен.

Қытайдың дән және май бойынша ұлттық ақпарат орталығы 2020 жылғы маусымнан бастап 2021 жылғы мамырға дейін — 12 ай бойы алты миллион бидай импорттайтынын хабарлады. Бұл соңғы жеті жылдағы ең ірі импорт болады. Қытай өнімді Франция, Ресей, Литва және Қазақстаннан алады.

Сондай-ақ маусымның басынан бері ҚХР оңтүстік және шығыс бөлігінде нөсер жауды.

13 провинцияда фермерлер күріш өсіреді. Бірақ бұл аудандардың бәрі су тасқынынан зардап шекті. Шаруалар күрішті жылына үш рет егеді: наурыздың соңында егіп, маусымның соңында жинайды, мамырдың басында еккенін қыркүйектің аяғында, ал маусымның соңында егіп, қазанның соңында жинайды. Маусым және шілдеде болған су тасқыны күріш өнімінің үш маусымына да кері әсер етті.

Youtube пайдаланушысы Қытайдағы аудандардың су тасқыны түсірілген видео жариялады.

https://youtu.be/ROUpofelGhQ

Сондай-ақ шегіртке мен жапалақ егінді құртып жатыр. Егіншілер The Epoch Times басылымына биыл өнімнен құр қалатынын мәлімдеді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия