jasqazaq.kz

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі биыл қайта қаралуы мүмкін

04 ақпан 2022, 16:48

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі биыл қаралуы мүмкін. Бұл туралы оның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қазақ халқы оның Қазақстанға оралуын талап етіп жатыр.

Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook парақшасында биыл жаза қайта қаралуы мүмкін екенін жазды. Бұлай деуге алғышарт бар: Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды беру туралы келісім жасалған.

Ақжарқынды Қазақстанға алдыру үшін мынандай рәсімдер орындалуы тиіс:

жазаны өмір бойына бас бостандығынан айырудан бас бостандығынан айыруға дейін қайта қарау туралы шешімнің қабылдануы;

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтінішхат жолдау. Мұндай петиция 2016 жылы кері қайтарылды;

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігінің Қытай тарапымен Ақжарқынды беруді орындау бойынша өзара іс-қимылы.

Ақжарқын Тұрлыбай сотталған қылмыстық бап Қазақстанда Қылмыстық кодекстің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» деген бапқа сәйкес келеді. Бұл қылмыс бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде