jasqazaq.kz

Қытайда сенделген қазақстандық студенттердің мәселесі шешілді

23 қазан 2018, 12:39

Қытайға оқуға барып, далада қалған қазақстандық студенттердің мәселесі шешілді, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Талапкерлердің барлығы жатақханаларға орналастырылып, қазір олар оқуларына кірісіп кетті. Бүгін бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистерге мәлімдеді. Естеріңізде болса, Қазақстаннан 64 студент көрші елдің Наннинь және Гуанчжоу қалаларына ұшып барып еді. Алайда оларды әуежайдан ешкім қарсы алмаған. Осылайша бозбалалар 4 күн бойы өз қаражаттарына күн көруге мәжбүр болды. Кейін оқиғаның мән-жайына қанық болған Қазақстанның Бейжіңдегі консулы қытайлық университеттің ректорымен келіссөздер жүргізіп, студенттерді оқуға қабылдауға уағдаласты.

Айбек Смадияров, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі: — Олар Қазақстанда бір компаниямен келісімшартқа отырып, сол компанияның ұсынысымен Қытайға оқуға барған. Ол жақтағы компания өз міндеттемелерін орындамай, осындай жағдайға ұшырады. Бірақ қазіргі таңда біздің елшінің белсенді қатысуымен бұл мәселе шешілді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық