jasqazaq.kz

Қытайда пневмонияның жаңа түрі өршіп барады

19 қантар 2020, 17:50

Қытай дәрігерлері Ухань ( Қытайдың Хубэй өлкесі) қаласында коронавирустың жаңа түрі қоздырған өкпе қабынуы ауруының адамдарға жұғуының 17 жаңа дерегін тіркеді. Бұл туралы  Қытайдағы арнаулы тілшісі жергілікті денсаулық сақтау органдарына сілтеме жасап  ҚазАқпарат хабарлады. 

Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 62 адамға жетіп отыр. Олардың ішінде 7 адамның жағдайы өте ауыр болса, 19 пациент қазіргі уақытта медициналық мекемеден емделіп шықты. Стационарлық ем қабылдап жатқан адамдардың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер ауру жұқтырғандармен байланыста болған 763 адамды оқшаулаған. Дегенмен олардың басым бөлігі үйлеріне жіберілгенімен әлі де 82 адам карантинде жатыр.

Осы уақытқа дейін коронавирустың жаңа түрінен екі адам қаза тапты. Ухань қаласының муниципалдық билігінің деректеріне қарағанда, індеттің жаппай таралуына жол бермеу мақсатында осы жылдың 14 қаңтарынан бастап әуежайларда, темір жол және автобус бекеттерінде, жолаушылар терминалдарында инфрақызыл жылуға ден қойғыш аппараттың 35 жиынтығы орнатылған. Қалалық қоғамдық көліктерді жедел зарарсыздандыру және желдету шаралары қолға алынған.

Еске салайық, Қытай билігі 31 желтоқсанда Ухань қаласында пневмонияның беймәлім түріне кем дегенде 27 адамның шалдыққанын, соның ішінде жетеуі ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі қаладағы теңіз өнімдері сатылатын базарға барған: қазіргі уақытта базар жабылды. 9 қаңтарда зертханалық зерттеулер көрсеткендей, бұл аурудың өршуіне жаңа типтегі коронавирус ықпал еткен.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық