jasqazaq.kz

Қытайда пневмонияның өршуі: 440 адам жұқтырып, 9-ы көз жұмды

22 қантар 2020, 12:35

Қытайда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 440 адамға жеткені және осы аурудан тоғыз адамның көз жұмғаны расталды. Бұл туралы сәрсенбі күні ҚХР Мемлекеттік кеңесі баспасөз кеңсесінің брифингінде Қытай мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау мәселелері комитеті директорының орынбасары Ли Бин мәлім етті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«21 қаңтар сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, 13 провинцияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырған 440 адамның тіркелгені және 9 адамның қайтыс болғаны туралы деректер алынды», — деп мәлімдеді Ли Бин.

Науқастармен байланыста болған 2197 адам оқшауландырылды. Олардың басым бөлігі ауруханадан шығарылды, дегенмен 1394 адам карантинде.

Баспасөз мәслихатында атап өтілгендей, зерттеу нәтижесі ауру жұқтырғандардың көпшілігі Ухан қаласымен байланысты екенін көрсеткен.

«Вирус қалай пайда болғаны анықталған жоқ. Оның қалай жұғатыны да толықтай зерттелмеді. Вирустың мутацияланып, эпидемияның әрі қарай таралу қаупі бар», — деді Ли Бин.

Сәрсенбі күні Женевадағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайда коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты шұғыл жиналыс өткізетіні күтілуде.

Айта кетейік, 15 қаңтарда коронавирусты жұқтырғандар саны 41 адам болатын, көз жұмғандар – екі адам. Ал 19 қаңтарда ауруға шалдыққандар 200-ге жуықтады, үш адам қайтыс болды. 20 қаңтарда 300-ге жуық адам есепке алынды. «Осы жылдың 20 қаңтары сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, коронавирустың жаңа үлгісіне шалдыққандар саны 291-ге жетті (270 – Уханда, бесеуі – Бейжіңде, 14-і – Гуандунь провинциясында (Оңтүстік Қытай), екеуі – Шанхайда. Қытайдың 14 провинциясында ауру жұқтыруы мүмкін 54 адам бар», — делінген болатын ҚХР ұлттық денсаулық сақтау ісі жөніндегі комиссиясының мәліметінде.

Пневмонияның өршуіне байланысты Қазақстанның аталмыш елмен шекараларында, әуежайларда бақылау күшейтілді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия