jasqazaq.kz

Қытайда омикрон штамы тіркелді

14 желтоқсан 2021, 10:26

Қытайдың Тяньши қаласында коронавирустың омикрон штамын жұқтыру жағдайы тіркелді.

Бұл туралы Аурулардың алдын алу мен бақылау муниципиалдық орталығының дүйсенбі күні жарияланған хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Хабарламада вирус жұқтырған адамның шеттен келгені айтылған. Ауру симптомсыз өтеді, қазіргі таңда науқас арнайы бөлінген ауруханада ем алып жатыр. «Осылайша құрлықтық Қытайда омикрон штамы алғаш рет пайда болды»,- делінген Тяньцзинь қаласының эпидемиологиялық штабының мәлімдемесінде. Қытай мегаполисінің билігі тұрғындарды COVID-19 вирусының алдын алу мен сақтандыру шараларын мұқият ұстануға шақырды. Яғни маска тағып, қолды жиі жуып отыру керек және әлеуметтік ара қашықтықты ұстанған жөн. Тяньцзинь ҚХР-дың орталық бақылауындағы қала, онда 13 млн-нан астам халық тұрады. Қытай мегаполисі ел астанасы Бейжіңнен 100 км қашықтықта жатыр.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр