jasqazaq.kz

Қытайда миллиондаған адам эвакуацияланды

10 тамыз 2019, 12:34

«Лекима» тайфуны салдарынан Қытай шығысынан миллиондаған адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Xinhua агенттігіне сілтеме жасап.

Алапат дауыл Чжэцзян провинциясының Веньлин қаласына жеткен. Бұл биыл Қытайға төнген тоғызыншы тайфун. Супертайфунның жылдамдығы сағатына 187 км айналасында. Синоптиктер дауыл Аньхой, Фуцзянь, Цзянсу, Чжэцзян провинцияларына және Шанхайға нөсер алып келеді деп болжайды. Кеше күндіз Чжэцзян провинциясында Төтенше жағдай жарияланды. 700 000 адам көшіріліп, уақытша баспаналарға орналастырылды. Провинция бойынша жүздеген кеме, 288 рейс, тіпті пойыздар тоқтатылды. Жергілікті билік мың адамнан құралған құтқару командасын жасақтап, 150 өрт сөндіру машинасын, 153 қайықты дайындап отыр. Сенбі таңында Шанхайда 253 000 адам қауіпсіз жерге көшірілді, пойыздар тоқтап тұр. Тайфун салдарынан қазірдің өзінде 3 000 ағаш құлап, жүздеген электр сымдары үзілген. Зақым келген электр желілерінің 80-і қалпына келтірілді. Шанхайдың су тасқынымен күрес департаментінің мәлімдеуінше, қазір қалада нөсер құйып тұр. Тайфун солтүстікке қарай 15 км/с жылдамдықпен жылжып, барған сайын әлсіреп келеді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда