jasqazaq.kz

Қытайда көз жұмған қазақ қызына қатысты жаңа мәліметтер

24 қараша 2018, 13:21

21 қарашаға қараған түні Гуанчжоу қаласында көз жұмған Динара Еренованың жақындары оның мүрдесін елге қайтару үшін Қытайға жол тартты. Қазақстандықтар Динараның отбасына тасымалға 15 мың доллар қаржы жинауға көмектесуде. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Бір үйдің жалғыз қызы: Қытайда көз жұмған қазақ қызына қатысты жаңа мәліметтер

Марқұмның туыс әпкесі Аиданың айтуынша, Қытай елшілігі олармен тез арада байланысқа шыққан. Күні кеше Динараның немере ағасы гуанчжоуға жол тартты.

“Динара бір үйдің жалғыз қызы еді. Оның тек анасы бар, әкесі қайтыс болған. Әрине, анасына ол жаққа бару қиынға соқты, сондықтан ағасы кетті”, – дейді Динараның әпкесі Аида.

Елшіліктегілер бар жұмысты өз мойындарына алатынын, алайда 15 мың доллар қажет екенін айтқан.
Динараның денесіне Қытайда сараптама жасалмақ.

Айта кетейік, бойжеткеннің денесін алғаш болып Қазыбек есімді көршісі тапқан. Жедел жәрдем мен полицейлерді шақырған да сол.

“Екеуі бірге кешкі ас ішкен. Кейін Динараның іші ауыра бастаған. Бірақ екеуі бір тамақ деген еді. Өзін нашар сезініп, белсендірілген көмір қабылдаған. Сөйтіп ұйқыға кеткен. Таңертең көршісі келгенде, Динара қайтыс болып кеткен”, – дейді Аида.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді