jasqazaq.kz

Қытайда коронавирустың емі табылғаны хабарланды

19 наурыз 2020, 8:55

«Фавипиравир» препараты жаңа коронавирус тудыратын пневмонияны емдеуде тиімді болып шықты. Бұл туралы ҚХР Ғылым және техника министрлігі жанындағы биотехнология орталығының басшысы Чжан Синьминь мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Синхуаға» сілтеме жасап.

Қытай Денсаулық сақтау өкілінің айтуынша, препаратты қабылдаған пациенттер тезірек емделіп, олардың өкпесі қалпына келіпті.

Оңтүстік Гуандун провинциясының Шэнчжэн қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирусы бар 80 пациенттің 35-і препарат қабылдаған. Төрт күннен кейін коронавирусқа тестілер теріс нәтиже көрсеткен, ал қалғандарының жағдайы орташа есеппен 11 күннен кейін түзелген. Тағы бір ұқсас зерттеу Ухан ауруханасында жүргізіліпті.

«Авиган» деген де атауы бар «Фавипиравирді» тұмауды емдеу үшін Fujifilm Holdings жапон корпорациясы әзірлеген. Ол сондай-ақ Эбола безгегіне қарсы қолданылған. Препараттың жағымсыз әсері 2014 жылдан бастап тіркелмеген, сол жылы оның сатылымы Жапонияда мақұлданған еді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия