jasqazaq.kz

Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 1000-нан асты

11 ақпан 2020, 10:55

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен мерт болғандар саны 1016-ға жетті.

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетінің хабарлауынша, өткен тәулікте (10 ақпандағы жағдай бойынша) Қытайда коронавирус жұқтырған 2478 адам тіркеліп (Хубэй провинциясында – 2097), 108-і өліммен аяқталды (Хубэй — 103). Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да індетті жұқтырғандардың жалпы саны 42 634 адамға жетіп, 1016 науқас қаза болды. 3996 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Ресми статистиға сәйкес, эпидемия ошағы Хубэй провинциясынан басқа аймақтарда індетті жұқтыру оқиғасы жетінші күн қатарынан азайып жатыр. Қазақстанмен шекаралас Шыңжан-Ұйғыр автономды ауданында коронавирустің жаңа түрін жұқтырған 55 науқас тіркелді. Оның ішінде Іле-Қазақ автономды аймағында – 10, ауданның әкімшілік орталығы Үрімжі қаласында 20 адам індет жұқтырған. Қазіргі уақытта аталған аймақтағы 3842 адам дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия