jasqazaq.kz

Қытайда коронавирусқа байланысты «әскери жағдай» режимі енгізілді

15 қыркүйек 2020, 9:45

Юньнань провинциясының (Қытайдың оңтүстік-батысы) билігі шекаралас 8 округте (қала) және 25 уезде (қала) жаңа коронавирустың таралуын болдырмас үшін «әскери жағдай» енгізді. Бұл туралы провинцияның COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі басқарушы жұмыс тобына сілтеме жасаған «Пэнпай» газеті жазды.

Басқарушы жұмыс тобының мәлімдемесінде Юньнань провинциясындағы шекаралас 8 округі мен 25 уездің «коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін жедел түрде әскери жағдай режиміне кіру» қажеттілігі айтылған. Денсаулық сақтау және гигиена мәселелері жөніндегі жергілікті комитеттің мәліметі бойынша 2020 жылғы қыркүйектің 13-інен 14-іне дейінгі кезеңде Юньнань провинциясында көршілес Мьянмадан «әкелінген» коронавирустың расталған екі жағдайы анықталған. Мьянмамен тікелей шекарада орналасқан Жуйли қаласының (Юньнань провинциясы) әкімшілігі аталған елдімекеннің барлық тұрғынын COVID-19-ды анықтайтын тестілеуден өткізу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Жуйли қаласының барлық тұрғынына үйде оқшаулануға және шұғыл қажеттіліксіз елдімекеннен шықпауға бұйрық берілді. 12 қыркүйектен кейін Жуйли қаласынан тыс жерлерге шыққан тұрғындарға өздерінің тұрған жерлерін жергілікті билікке хабарлауға және коронавирусқа міндетті тексеруден өтуге кеңес берілді. Жуйлиде 200 мыңнан астам адам тұрады. Қала Юньнань провинциясының Дэхун-Дай-Цзинпос автономиялық округінде, Мьянма шекарасында орналасқан. Жексенбі күнгі жағдай бойынша Юньнань провинциясында COVID-19 диагнозы расталған жеті пациентем қабылдауда. Олар шетелден келген.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде