jasqazaq.kz

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

13 ақпан 2020, 10:07

Індеттің ошағы саналатын Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 14 840 адам тіркелген.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Хубэйдің гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитінің хабарлауынша, 12 ақпан сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, Хубэй провинциясында коронавирус жұқтырған 14 840 адам тіркелді, 242 адам қаза болды. Ауруханада 33 693 адам жатыр, соның ішінде 5 647 науқас ауыр халде.

Хубэй провинциясының билігі жаңа коронавирус жұқтырғандар санының бірден өсуін олардың қатарына жаңа әдіспен диагностика жасалған науқастар кіргенімен түсіндірді.

Бұл шаралар коронавирус жұқтырғандарды ертерек анықтап, оларды тезірек емдеуге бағытталған.

Соңғы деректер бойынша, Хубэй провинциясында жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 48 мың адам, соның ішінде 1 310 адам көз жұмса, 3441 адам емделіп шықты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия