jasqazaq.kz

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңнан асты

10 ақпан 2020, 10:24

Қытайдың Хубэй провинциясынан басқа аймақтардағы жаңа коронавирусты жұқтыру оқиғасы 6 күннен бері азайып келе жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми статистикаға сәйкес, өткен тәулікте (9 ақпандағы жағдай бойынша – авт.) материктік Қытайдың Хубэй провинциясынан басқа аймақтарында жаңа коронавирусты (NCP, Novel Coronavirus Pheunomia) 444 адам жұқтырған. Өткен жексенбіде Денсаулық сақтау істері бойынша Мемлекеттік комитеттің баспасөз хатшысы Ми Фэн Хубэй провинциясынан тыс аумақта тіркелген науқастар саны күн сайын 890-нан (3 ақпандағы жағдай) 509 оқиғаға (8 ақпан) дейін азайғанын айтты. Төмендеу 42,8% құрады. «Бұл алдын алу және бақылау механизмі, сонымен қатар ҚХР әкімшілік-аумақтардағы қатаң тәрітіптік шаралар нәтиже бергенін көрсетеді», — деп атап өтті шенеунік. Өткен тәулікте құрлықтық Қытайда жаңа індетті жұқтырған 3062 адам тіркеліп (Хубэй провинциясында – 2618), 97-сі өліммен аяқталды (Хубэйде – 91), сауыққандар мен емханадан шығарылғандар саны – 632 (Хубэйде – 356). Соңғы мәліметтер бойынша, ҚХР-да қауіпті індетті жұқтырғандардың жалпы саны 40 171-ді құраған. 908 науқас мерт болып, 3281 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Өткен жексенбіде коронавирус ошағына айналған Хубэй провинциясы билігі алғаш рет аймақта коронавирустан болған өлім санының пайыздық көрсеткішін жариялады (8 ақпандағы жағдай бойынша — авт). Коронавирустан болған өлім-жітім деңгейі провинцияда – 2,88%, ал әкімшілік орталығы Ухань қаласында 4,06%-ды құрайды. Жалпы Қытайда індеттен қаза тапқандардың 97%-ы Хубэй провинциясында тіркелген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия