jasqazaq.kz

Қытайда қазақстандық бойжеткен ұсталды

09 наурыз 2019, 0:14

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытайда Қазақстан азаматшасы Юлия Ходеваның ұсталуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«27 ақпанда Чжэцзян провинциясының құқық қорғау органдары ҚР азаматшасы Юлия Ходеваны ұстады. Ол есірткі құралдарын сақтау және тарату бойынша күдіктелуде», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. СІМ мәліметінше, Шанхайдағы ҚР Бас консульдығы оның туыстарымен байланысқа шыққан, оларға консульдық-құқықтық кеңес берілген, атап айтқанда жергілікті адвокаттар ұсынылған. «Юлия Ходева тарапынан қамаудағы жағдайына және денсаулығына байланысты шағымы жоқ. Тергеу үш айға дейін созылуы мүмкін. Дипломаттар мәселені өз бақылауына алды», — деді ол. Бұған дейін бойжеткеннің анасы Оксана Ходева БАҚ-қа қызы Юлия Қытайда алты жылдан бері жүргенін мәлім еткен болатын. Ол Хуанчжоу қаласындағы Технологиялық университетте оқиды. Оның диплом алуына екі ай ғана уақыт қалған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда