jasqazaq.kz

Қытайда қазақстандық бойжеткен қайтыс болды

21 қараша 2018, 17:12


Қытайдың Гуанчжоу қаласында Қазақстанның 23 жастағы азаматшасы қайтыс болды.

 Tengrinews.kz   жазғандай, қайғылы оқиға туралы марқұмның Алматыдағы танысы хабарлады. Оның айтуынша, қыз бала қарашаның 20-нан 21-не қараған түні қайтыс болған. «Жігіттер мен қыздар мессенджерлерде «Динараға көмек» конференциясын ашқан. Ол сонда білім алып, жұмыс істеп жүрген. Қазақстанға келіп тұратын. Онымен бірге Қазыбек есімді жігіт тұратын. Оған қоңырау шалып, ала алмай жатырмыз. Бәлкім, ол полицияда түсініктеме беріп жатқан болар. Бізде ешқандай мәлімет жоқ. Оның телефонын да полиция алып кеткен болуы керек. Ол түнде ұйықтап, таңертең тұрмай қалған», — деді жігіт. Оның айтуынша, Динараның достары мен таныстары қыздың денесін елге алып келу үшін қаражат жинап жатыр екен. Алайда ата-анасының да байланыс телефондары жоқ. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің өкілдері бұл мәліметті растады. «Қазіргі уақытта елшілік қыздың денесін Қазақстанға жеткізу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарымен айналысып жатыр», — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілі Айбек Смадияров.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді